Арал аймағындағы суды қолданудың дәстүрлі жүйесі (экспедиция материалдары бойынша)

Суды қолданудың дәстүрлі жүйесі бойынша этнографиялық экспедиция Қызылорда облысы Арал өңірінің Қарақұм, Сазды, Шижаға, Тапа, Жалаңаш, Ақбай елді мекендерін қамтыды. Бұл елді мекендерде суды қолданудың дәстүрлі жүйесін жер асты су көздері қамтамасыз еткен. Жер асты грунт суларын шығару, оны құдықта...

Full description

Bibliographic Details
Published in:Turkic Studies Journal
Main Author: Tattigul Kartaeva
Format: Article
Language:English
Published: L.N. Gumilyov Eurasian National University 2021-11-01
Subjects:
Online Access:https://tsj.enu.kz/index.php/new/article/view/78
Description
Summary:Суды қолданудың дәстүрлі жүйесі бойынша этнографиялық экспедиция Қызылорда облысы Арал өңірінің Қарақұм, Сазды, Шижаға, Тапа, Жалаңаш, Ақбай елді мекендерін қамтыды. Бұл елді мекендерде суды қолданудың дәстүрлі жүйесін жер асты су көздері қамтамасыз еткен. Жер асты грунт суларын шығару, оны құдықта сақтаудың дәстүрлі халықтық білімдер жүйесінің аймақтық этнографиялық ерекшелігі Аралдың құмды, шөлді аймақтарында сақталған. Арал өңірінде жергілікті материал мен топырақтың құрамына қарай дәстүрлі құдықтың тұрақты және уақытша қолданыстағы түрлері қалыптасқан. Қабырғасы дүзгенмен, көкбұтамен, таспен шегенделген құдықтар тұрақты қолданыстағы құдық түрлерін қамтамасыз еткен. Ал, құмнан қазылған, қабырғасы шегенделмеген еспе құдықтар мен қыста өзен үстінен ойылған мұз ойық немесе мұз құдықтар уақытша қолданыстағы құдық түрлері болып саналады. Арал халқы құдық қабырғасын шегендеуге таңдалған дүзген немесе көкбұтаны жыл бойы кептіріп, табиғи өңдеуден өткізудің дәстүрлі әдісін игерген. Құдық қабырғасына тас қалау тек дәстүрлі гидротехникалық білім жүйесімен қатар жер асты құрылыс өнерінің ерекше түрінен мәлімет береді.
ISSN:2664-5157
2708-7360