СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА МУЗЫКАНЫҢ ӘСЕРІ

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, музыка өнері адамның психоэмоционалдық, моральдық, эстетикалық және мәдени-адамгершілік жағдайына айтарлықтай әсер ететіні бірқатар қызықты фактілер мен ғылыми еңбектерде дәлелденген. Бұл мақаладағы зерттеу мәселесінің өзектілігі – музыканың адамның психоэмоционалд...

全面介紹

書目詳細資料
發表在:Хабаршы. Психология және социология сериясы
Main Authors: G. B. Kamza, R. J. Bazarbekova
格式: Article
語言:英语
出版: Al-Farabi Kazakh National University 2023-09-01
在線閱讀:http://bulletin-psysoc/index.php/1-psy/article/view/1833
實物特徵
總結:Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, музыка өнері адамның психоэмоционалдық, моральдық, эстетикалық және мәдени-адамгершілік жағдайына айтарлықтай әсер ететіні бірқатар қызықты фактілер мен ғылыми еңбектерде дәлелденген. Бұл мақаладағы зерттеу мәселесінің өзектілігі – музыканың адамның психоэмоционалды және физикалық жағдайына әсерін болжау мәселесіне қатысты теориялық және практикалық білімді жалпылау және жүйелеу қажеттілігінде. Мақалада музыканың студенттердің психоэмоционалдық жағдайына және оның шығармашылық мүмкіндіктеріне әсерін анықтау үшін бірқатар зерттеулерге теориялық талдау мен шолу жасалынды. Мұнда музыканың жағымды және жағымсыз әсеріне тоқталып, әртүрлі музыка стильдерінің студенттердің психоэмоционалды жағдайына әсері анықталды. Осы мақсатта білім алушылармен қысқа мерзімді зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезінде «Музыкалық графика» әдісі қолданылды. «Музыкалық графика» – кез келген көрнекі ақпарат құралдары арқылы музыка әсерін визуализациялаудың ерекше тәсілі. Зерттеу барысында әртүрлі музыкалық стильдердің, соның ішінде классикалық музыканың, заманауи және рок-музыканың адамның психоэмоционалдық жағдайына әсері анықталды. Зерттеу нәтижесінде музыканың барлық стильдері студенттердің психоэмоционалдық күйі мен шығармашылық қабілеттеріне әртүрлі әсер ететіндігі байқалды. Атап айтқанда, классикалық шығармалар мен қазіргі заманғы музыка көңіл-күйді жақсартып, оң әсер етеді, ал рок-музыканы тыңдау адамның психоэмоционалдық жағдайына кері әсер етеді деген қорытынды жасалды. Түйін сөздер: музыка, жанр, психология, психоэмоционалдық жағдай, классикалық музыка туындылары, рок музыка, заманауи музыка.
ISSN:2617-7544
2617-7552