Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарына байланысты халықаралық құқықтық нормалар талаптарының сақталу мәселелері
Мақалада автор Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарының шектелуіне байланысты мәселелерді қарастырады. Ол Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 жарлығымен бекiтілге...
| Published in: | Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì |
|---|---|
| Main Author: | |
| Format: | Article |
| Language: | German |
| Published: |
Al-Farabi Kazakh National University
2016-03-01
|
| Subjects: | |
| Online Access: | http://ir-law/index.php/1-mo/article/view/115 |
| Summary: | Мақалада автор Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарының шектелуіне байланысты мәселелерді қарастырады. Ол Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде көзделген мемлекеттік қызметшілерге қатысты шектеулерге талдау жасап, ондағы нормалардың кейбірінің дұрыс еместігін алға тартады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 17 қазан 2014 жылы қол қойған «Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қатысуы бар мекемелердің қызметкерлері үшін жадынаманың» кейбір талаптарының Конституцияға және еліміз ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қайшы екендігін атап өтеді. Автор аталған жадынаманың кейбір нормаларын олардың мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарын орынсыз шектейтіндігін ескеріп оларды алып тастауды ұсынады. |
|---|---|
| ISSN: | 1563-0285 2618-1215 |
